Шоу-бизнес әлемі

«Дуаланған арақ берген»: Әнші Мұрат Қожа өзін кім дуалағанын айтты

12:44, 30 қыркүйек 2025 74

Блгілі әнші Мұрат Қожа «Алғашқы» бағдарламасына сұхбат беріп, басынан өткен қиын сәттерін есіне алды, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.

Әнші кейінгі кезде неге сахнаға шықпай кеткенін айтты. Ол денсаулығы сыр беріп, қиын кезеңді бастан өткергенін жеткізді.

«Адам өмірде есіне алғысы келмейтін дүниелер болады. Ондайды дұшпаныңа да тілемейсің. Өлім мен өмірдің арасында арпалысып жатқан өте қиын екен. Құдайға «Мені алып кетші, болды, шаршадым» деп жалынған кездерім болды. Мені көріп, қасымдағы жақындарым қиналды. Бір жыл арбада отырдым. Оның алдында тіпті, отыра да алмайтын едім. Екі ай тек қимылдамай жаттым, түрлі дәрімен. Дұғалар қабыл болған шығар. Достарымның айтуымен Алматыға келіп емделіп, бір жылдың ішінде аяққа тұрдым. Бұл дерттің диагнозы жоқ. Біраз жерге барып, тексерілдім. Арақтан ауру таптым, кейбір ақпарат бойынша. Дуаланған арақ ішіп қойыппын. Мені дуалау әйел адамның қолынан келген нәрсе екен. Бір емес, жеті рет дуалапты. Ақшасы болмасын, бала-шағасынан айырылсын, бауырларының жолы болмасын деп тілеген екен. Бәрі орындалды. Шауып жүрген шешем аяқ астынан дүниеден озды. Бір бауырым өзін қорғаймын деп сотталып кетті», – деді әнші. 

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз