Алматы облысында болған жол апаты сегіз адамның өмірін қиды, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.
Қайғылы оқиға Алматы – Бішкек тас жолының 107-шақырымында болды.
Алдын ала деректер бойынша, Lexus көлігі қарсы бағыттағы жолаққа шығып кетіп, Toyota Alphard-пен соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан сегіз адам оқиға орнында алған жарақаттарынан қаза тапты, тағы екі адам ауруханаға жеткізілді, – деп хабарлады полиция.
Полиция оқиғаға қатысты сотқа дейінгі тергеу басталғанын, оның барысында апаттың барлық мән-жайы анықталатынын айтты.
Құқық қорғаушылар жүргізушілерді жол ережесін қатаң сақтауға және жолда аса мұқият болуға шақырды.