Қоғам

«Өтірік, мен ешкімге жамандық істеген емеспін»: Амантай қажы өзіне тағылған айыпқа жауап берді

10:15, 06 тамыз 2025 171

Алматыда зейнеткер әйелді баспалдақтан қасақана итеріп жіберген деген күдікпен тергеліп жатқан Амантай қажы өзіне тағылған айыппен келіспейтінін айтты, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.

Амантай қажы жарақат алған әйелді бұрыннан танитынын, оған күнде тәттілер беріп тұрғанын айтты.

«Мен қажы адаммын, мен оны ұрған емеспін, итерген жоқпын. Бірақ олар қатты дайындалған екен. Мен ауруханаға барғанда ол жүр шай ішіп. Ауырған адам төсек тартып жатады ғой төсекте. Өтірік. Мен ешкімге жамандық істеген жоқпын», — дейді қария.

Айта кетейік, 83 жастағы күдіктінің кінәсі дәлелденсе, ол екі жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін немесе мың айлық есептік көрсеткіш көлемінде, яғни шамамен 4 миллион теңге айыппұл арқалайды.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз