Бұл жоғары мәртебеге ие болу – aitas foundation корпоративтік қорының Білім беру саласын тұрақты дамыту қоры жүзеге асырған Digital Bala жобасының арқасы.
2025 жылы қор әлемдік технологиялық алпауыт Google компаниясымен меморандумға қол қойған. Жоба аясында Қазақстанның 14 мектебі Google for Education бағдарламасына енгізуге мүмкіндік алды.

Технологияларды жедел енгізу үшін жоба серіктестері - «Өрлеу» БАҰО мен Stem Solutions компаниясы 20 тренер дайындаған. Олар сертификаттаудан өткен соң 240 ауыл мұғалімінің біліктілігін арттыруға кірісті. Бұл – Орталық Азия елдерінде Google for Education технологияларын енгізу бойынша алғашқы жоба, ал Өрел ауылындағы мектеп осы процестің флагманына айналды.
Өрел мектебінің оқушылары Google құралдарына тегін қол жеткізе алады. Мұғалімдердің айтуынша, негізгі басымдық – жасанды интеллектіні пайдалану. Gemini, NotebookLM, Canva және т.б. құралдардың көмегімен оқушылар креативті әрі ғылыми жобалар іске асырып, сабаққа өздігінен дайындалады. Ол үшін арнайы жеңіл әрі мобильді Google Cromebook девайстарын қолданады. Ал ұстаздардың айтуынша, цифрлық шешімдер сабақты жоспарлау кезінде уақытты үнемдеуге және әр оқушының қабілетіне көбірек көңіл бөлуге мүмкіндік береді.
Google Reference School халықаралық сертификатын табыстау үшін Өрел ауылына Google for Education-ның Еуропа, Африка және Таяу Шығыс елдері бойынша өңірлік басшысы Анна Артемьева арнайы келді:
«Google Reference School мәртебесімен мектеп әлемдік деңгейде мойындалып, ресурстарға ғана емес, сонымен қатар тәжірибе алмасуға арналған инноватор-мектептердің жаһандық қауымдастығы жол ашады. Бүгінгі таңда әлемнің 200 елінде 170 миллионнан астам оқушы Google for Education-ді пайдаланады. Серіктестерімізбен бірге Орталық Азиядағы алғашқы жобаны бастауға терең әрі жан-жақты зерттегеніміз мені қатты қуантты. Жоба басталғаннан кейін небәрі жарты жыл ішінде еліміздің ең шалғай мектептерінің бірі Google Reference School мәртебесін алып отыр. Бүгін мен оқушылар мен педагогтардың Gemini және NotebookLM сияқты жасанды интеллект құралдарын меңгеру деңгейінің жоғары екеніне көз жеткіздім», — дейді Анна Артемьева.
Инноватор-мектеп мәртебесін алу үшін мұғалімдер Google for Education бағдарламасының сертификациясын өткен.

«Өрлеу» БАҰО мен жобаның тағы бір серіктесі Stem Solutions компаниясы бірлесіп, педагогтарды даярлау бағдарламасын өңірлік контекстке бейімдеп, өткізген. Білім беру саласын тұрақты дамыту қоры басшысы Данияр Тоқтарбаевтың айтуынша, халықаралық және отандық ұйымдармен серіктестік бастаманың ұзақмерзімде сапалы іске асырылуын қамтамасыз етеді:
«Жоба біздің команда мен серіктестеріміздің еңбегі мен осы іске деген сүйіспеншілігінің арқасында жүзеге асты. Бұл физикадағыдай: импульс – энергия пайда болған кезде қозғалыс туындайды, ол кейін әрекетке айналып, нәтиже береді. Серіктестерімізбен, жолдастарымызбен бірге осы жобаның нәтижелі әрі тұрақты болуын күш біріктірдік, алғашқы нәтижесі – бүгінгі халықаралық жеңіс», — деді Данияр Токтарбаев.
Жобаның тағы бір серіктесі Lenovo компаниясы мектепке 91 Google Chromebook сыйға тартқан. Бағдарлама аясында оқушыларға дәрістер осы Google Chromebook құрылғыларында жүргізіледі. Мобильді ноутбуктер Google-дың барлық технологиялық шешімдерін еркін пайдалануға мүмкіндік береді; мектепте қазірдің өзінде ЖИ (AI) үйірмелері ашылған.

Мұғалімдер құрылғылардың автономдығы мен қауіпсіздігін жоғары бағалап отыр: оқушылар бөгде қосымшаларға назар аудармайды және киберқауіпсіздігі жоғары.

Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылдан бастап Ұрыль ауылының мектебі «Aitas» холдингінің қолдауымен «Ауыл мектебі – Powered by NIS» жобасына қатысып келеді. Осы уақыт ішінде мектептің материалдық-техникалық базасы айтарлықтай жаңартылып, педагогтар Назарбаев Зияткерлік мектептерінің базасында біліктілікті арттыру курстарынан тұрақты түрде өтіп тұрады.