$ 444.4
€ 488.97
₽ 5.39

«Оң қанатым – ұрпағы, сол қанатым – актерлері»: Бағдат Әшімова марқұм жарын еске алды

Редактор
16.11.2026, 09:18
коллаж: bairaqmedia.kz
коллаж: bairaqmedia.kz
Бағдат Әшімова марқұм жарының аманатын айтты

Қазақ өнерінің көрнекті өкілі, халық әртісі Асанәлі Әшімовтің жары Бағдат Әшімова марқұмның артында қалған аманаты мен орындалмай кеткен арманы туралы әсерлі жазба жариялады, деп хабарлайды Вairaqmedia.kz.

Бағдат Әшімова әлеуметтік желідегі парақшасында Асанәлі Әшімовті еске алуға арналған жылдық аста айтқан сөзін бөлісіп, жарының артында қалған ұрпағы мен шәкірттерінің өзі үшін қаншалықты қымбат екенін жеткізді.

«Менің оң қанатым, менің тірегім, менің барым – Асекеңнің ұрпағы. Сол қанатым – Асанәлі Әшімов театрының актерлері. Асекеңнің аманаты…» – деп жазды ол.

Оның айтуынша, марқұмның артында қалған ең үлкен аманаттарының бірі – өзі тәрбиелеген шәкірттері мен қалыптастырған өнер ұжымы. Бағдат Әшімова Асанәлі Әшімовтің көзі тірісіндегі үлкен армандарының бірі өз атындағы театрдың жеке ғимараты болғанын атап өтті.

«Асанәлі Әшімов атындағы театрдың өз алдына жеке ғимараты болып, актерлерінің бас қосар қасиетті сахнасы, өнердің өркен жайған ордасы болса деген арман-тілегі бар еді. Сол арман орындалып, шәкірттері өз шаңырағының астында өнер көрсетсе екен!» – деді ол.

Сондай-ақ өнер иесінің жары бұл тілектің тек отбасы үшін ғана емес, қазақ өнерін қадірлейтін барша қауым үшін маңызды екенін жеткізді.

«Аманаттың жүгі ауыр. Артында қалған ізді жалғау – үлкен жауапкершілік», – деп түйіндеді Бағдат Әшімова.

Соңғы жаңалықтар

Барлығын қарау