Қоғам

«Өлтіремін деген»: Руслан Берденов Ернар Жиембайдың қылмысқа баратынын алдын ала білгенін мәлімдеді

12:00, 18 тамыз 2025 152

Шымкентте әкімнің орынбасары Руслан Берденов сотта өзіне  қастандық жасау ісі бойынша жауап беріп жатыр, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.

Берденовтің айтуынша, ол Жиембайды барлығы үш рет көрген. Алғашқы екі рет – ресми жиналыста, ал соңғысы қайғылы оқиға кезінде болған.

Оның сөзінше, алғашқы кездесуде Жиембай өз жұмысына байланысты ешқандай есеп бере алмаған. Сол сәтте ол сәулет және құрылыс инспекторы Асанбай Ахментаевпен сөзге келіп қалған.

 «Сол кезде Жиембай жұмыстан шыға салатынын айтты, мен де келісім бердім», – деді Берденов.

Кейін Ахментаев Жиембайдың «біреуді өлтіремін немесе өзіме қол жұмсаймын» деп айтқанын жеткізген. Бұл сөздерді ол ішімдік ішкен кезде айтқаны белгілі болды.

Прокурор Берденовтен алғашқы кездесуде Жиембайдың киіміне қатысты ескерту жасағаны жайлы сұрады. Ол бұл деректі растады: «Этикет сақталмағандықтан, джинсы кигені үшін ескерту жасадым», – деді ол.

Берденов екінші кездесуінде ешқандай жанжал болмағанын, Жиембай тіпті алғыс айтып кеткенін атап өтті. Сондай-ақ ол марқұмның намысына тиетін сөздер айтпағанын сот алдында тағы да мәлімдеді.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз