Шоу-бизнес әлемі

«Өкініш өзегімді өртейді»: Дариға Бадықованың бұрынғы күйеуі қазір қандай халде екенін айтты

12:04, 12 қыркүйек 2025 515

Кеше әйелі Дариға Бадықовамен ажырасқанын айтқан актер Дархан Мұсаев сырын бөлісіп, әлеуметтік желіде жазба жариялады, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.

Өнер иесі 16 жыл бойы сахнада өз орнын таба алмай, бойындағы талантын тұншықтырып келгенін айтады. Ол үшін бұл жылдар ауыр сынаққа толы кезең болған.

«Сіздермен ішімдегі болып жатқан құбылыспен бөліскім келіп отыр. Мамандығым өнер адамы бола тұра 16 жыл бойы өнерден ойып орын алмаппын, бойымдағы талантымды, өнерімді тұншықтырыппын.

Өзімді қолға алып, дем салдырып Руқия оқытқалы көзім ашылып өмірді басқаша сезіне бастадым.

Бұл емді маған айлап жалғастырды, себебі тұла бойымда тылсым күштердің кедергілері анықталды. Ал, оны тазалауға әжептеуір күш кетті. Қазір есімді жиып, өткеніме қарасам өкініш өзегімді өртейді, мені осындай дәрежеге түсіруге себепші болған жандарды, бір Құдайға тапсырдым», – деді ол.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз