Қоғам

Нұрайдың ісі бойынша сталкинг дерегімен қылмыстық іс қозғалды — адвокат Аянхан Омаров

08:58, 29 қаңтар 2026 24

Шымкентте кісі қолынан ажал құшқан Нұрайдың адвокаты Аянхан Омаров желідегі парақшасында жазба жариялап, күдіктінің үстінен тағы бір бап бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.

Нұрайдың ісі бойынша Шымкент қаласы Полиция департаменті Қылмыстық кодекстің 115-1-бабы (сталкинг) бойынша қылмыстық іс тіркеді.Жәбірленушіні жүйелі түрде қудалау фактілеріне әділ құқықтық баға беріледі деп үміттенемін.Істің тергелу барысын қадағалап отырмыз. Тергеудің объективті және толық жүргізілуін, кінәлі тұлғаның қатаң түрде жазаға тартылуын талап етеміз, деді ол.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз