Қазақстандық әнші Рахат Тұрлыханов отбасылық жанжалға байланысты тағы да БАҚ назарына ілікті, деп хабарлайды bairaqmedia.kz tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Алматы ПД баспасөз қызметі өкілі осы жағдайға пікір білдірді.
"Медеу ауданында болған отбасылық жанжал бойынша полиция қызметкерлері түскен шақыру бойынша шығып, оқиғаға қатысушыларды аудандық полиция басқармасына жеткізді. Тексеріс барысында әйел бастапқыда оған физикалық күш қолданғаны туралы хабарлады, бірақ кейін ұрып-соғу дерегін жоққа шығарды және отбасылық жанжал туралы шағым жасады", - деп жазылған хабарламада.
Ер адамға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылған.