Қоғам

«Небәрі 23 жаста еді»: Министр Алматыда қаза тапқан фельдшер туралы айтты

09:48, 04 желтоқсан 2025 31

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Instagram-дағы парақшасында Алматыда жол-көлік оқиғасынан қаза тапқан фельдшер туралы жазды, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.

Қайтыс болған дәрігердің аты-жөні Жаңабаева Насиба Мұхтарқызы. Әлназарова әріптесінің қаза тапқаны туралы хабарды терең күйзеліспен қабылдағанын атап өтті.

"Жедел медициналық жәрдем фельдшері Насиба Мұхтарқызы Жаңабаеваның қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқаны туралы қаралы хабарды терең күйзеліспен қабылдадым.

Насиба небәрі 23 жаста еді, төрт ай бұрын ғана Алматы қаласының Жедел жәрдем қызметіне жұмысқа тұрған болатын. Осы қысқа уақыт ішінде ол өз міндетіне жауапты, адал, жанашыр, әрқашан көмек көрсетуге дайын медицина қызметкері ретінде танылды.

Насиба Мұхтарқызының туған-туыстарына, жақындарына, әріптестеріне және Алматының бүкіл медициналық қауымдастығына қайғырып көңіл айтамын", - деп жазды министр.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз