Қоғам

Наурызда қазақстандықтар 13 күн демалады

11:09, 02 ақпан 2026 74

Биыл наурыз айында демалыс және мереке күндерін қоса есептегенде, қазақстандықтар 13 күн демалады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Электронды үкімет дерегіне сәйкес, 2026 жылы 1 наурыз жексенбі күніне сәйкес келеді.

Сонымен қатар, Халықаралық әйелдер күні – 8 наурыз да жексенбіге түсіп тұр. Осыған байланысты мерекелік демалыс 9 наурыз, дүйсенбіге ауыстырылады. Нәтижесінде, 7, 8 және 9 наурыз күндері қатарынан демалыс болады.

Ал Наурыз мейрамы 21–23 наурыз аралығында аталып өтеді. Биыл 21 және 22 наурыз сенбі мен жексенбіге сәйкес келгендіктен, бұл күндердің демалысы 24 наурыз, дүйсенбі және 25 наурыз, сейсенбіге ауысады.

Осылайша, Наурыз мейрамына орай қазақстандықтар 5 күн қатарынан демалады.

Бұдан бөлек, айдағы қалған демалыс күндері дәстүрлі түрде сенбі мен жексенбіге сәйкес келеді.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз