Шоу-бизнес әлемі

«Мысқылдағыштар, бізді өсектемеңдер!»: Гүлзира Айдарбекова ашуға мінді

10:09, 22 тамыз 2025 351

Танымал әнші Қайрат Нұртастың анасы әрі продюсері Гүлзира Айдарбекова желіде отбасылық жеке мәселеге қатысты өзіне сұрақ қойып, алаңдаушылық білдіріп жатқан жұртқа жауап берді, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.

«Менің отбасыма байланысты сұрақтар қойып жазып жатқандар. Біреудің жанұясын өсектегенше, өз әлеміңізбен, өз өміріңізді әдемілеп сүргеніңіз дұрыс шығар. Ештеңе білмей жатып, сырттай бал ашып, өсектегенше, өз басыңыздың қиындығын реттеп алғаны жөн болар, мысқылдағыш жандарға айтарым. Солай ма достар?», — деп жазды Гүлзира Айдарбекова.

Айта кетейік, желіде Қайрат Нұртастың әйелі босанғаннан кейін жақ ашпаған Гүлзира Айдарбекованы жұрт сынға алып жатыр.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз