Аймақ

Екі адам көз жұмды: Ақмола облысында қайғылы оқиға болды

11:26, 22 тамыз 2025 23

Кеше, 21 тамызда Көкшетау – Атбасар тасжолында жол апатынан екі адам қаза тапты, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.

Ақмола облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға сағат 13:35 шамасында, Максимовка ауылы маңындағы тасжолдың 115-шақырымында болған.

Аталмыш тасжолда «Москвич-412» және Hyundai Mafiас автокөліктері соқтығысқан.

«Жол-көлік оқиғасы кезінде «Москвичтің» жүргізушісі мен бір жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Тағы бір жолаушысы, сондай-ақ Hyundai жүргізушісі мен екі жолаушысы ауруханаға жеткізілді», – деп мәлімдеді полиция департаменті.

Қазіргі уақытта жол апатына байланысты сотқа дейінгі тергеу басталды.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз