Медеу Арынбаев «Парасат» орденімен марапатталды

Редактор
20.01.2026, 22:23
Медеу Арынбаев «Парасат» орденімен марапатталды
Белгілі әнші Медеу Арынбаев мемлекеттік марапатқа ие болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.

Белгілі әнші Медеу Арынбаев мемлекеттік марапатқа ие болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.

Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен «Парасат» орденімен марапатталғанын жазды. Айтуынша, марапатты Ақордада Мемлекет басшысының өз қолынан алған.

«ҚР президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың жарлығымен “Парасат” орденімен Ақордадан арнайы президент қолынан марапатталдым! Елге жасап жатырған еңбегіміздің бағаланғаны деп есептеймін! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын ағайын! Республика күні құтты болсын!» – деп жазды Медеу Арынбаев.