2026 жылы мамыр айында қазақстандықтарды бірнеше мереке мен қосымша демалыс күндері күтіп тұр, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.
Ресми күнтізбеге сәйкес, 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні жұмаға түседі. Осыған байланысты бес күндік жұмыс аптасымен істейтіндер 1–3 мамыр аралығында қатарынан үш күн демалады.
Одан кейін төрт жұмыс күнінен соң тағы бір мереке келеді. 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні бейсенбіге сәйкес, сондықтан бұл күні қазақстандықтар бір күн ғана тынығады.
Ал 9 мамыр – Жеңіс күні биыл сенбіге тура келеді. Сол себепті демалыс күні 11 мамырға, дүйсенбіге ауыстырылған. Нәтижесінде бес күн жұмыс істейтіндер 9–11 мамыр аралығында үш күн қатарынан демалады.
Бұдан бөлек, Құрбан айттың алғашқы күні 27 мамырға (сәрсенбі) түсіп тұр. Бұл да қосымша демалыс күні болып саналады.
Жалпы алғанда, бес күндік жұмыс аптасындағылар мамыр айында 14 күн демалса, ал алты күндік режиммен жұмыс істейтіндер үшін 9 күн демалыс қарастырылған.