Отандық танымал әнші Мадина Сәдуақасова 11 жасқа толған ұлының туған күніне ерекше сыйлық жасады, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.
Әнші пәтерді ұлы оқитын мектептің дәл қарсы бетінен алған.
«Балаңа пәтер сыйласаң, өмірінің 10 жылын жеңілдетесің дейді. Ал біз мектептің қарсысынан үй алып, өмірімізді жеңілдеттік. Енді кептелісте сағаттап тұрмай, тек жолды кесіп өтеміз. Қазір пәтерді өзімізге ыңғайлап жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Егер бәрі жоспар бойынша жүрсе, 1 қыркүйектен бастап мектепке жаңа үйден қатынаймыз. Әнуар үйді жабдықтауға көмектесіп жүр, оның бөлмесі 90 пайыз дайын. Бұл үй құтты шаңырақ болсын!», — деп жазды әнші.