Астана әкімі Жеңіс Қасымбек LRT-ның алғашқы пойызы қашан іске қосылатынын айтты, деп хабарлайды
Sputnik.kz.
Бұған дейін қала басшысы LRT тестік режимде іске қосылатынын мәлімдеген болатын.
Қала басшысы пойыздардың саны да артатынын атап өтті.
"Сөйтіп, желтоқсанның соңына, қаңтардың ортасына қарай барлық пойыз тестік режимде жүреді", - деп атап өтті әкім.
Әкімнің айтуынша, LRT-да жол жүру ақысы 200 теңге шамасында болады.
“Жалпы, тесттк режим үш айдан алты айға дейін созылады. Қазан айында тағы 8 пойыз, ал желтоқсанға дейін толығымен 18 құрам келеді. Бәрі дұрыс болып, тестен дұрыс өтсе, келесі жылдың бірінші тоқсанынның соңына дейін LRT-ны толығымен іске қосамыз ”, - деп түйіндеді Қасымбек.