LRT билетінің бағасы 200 теңге болуы мүмкін

Редактор
12.03.2026, 15:27
Фото: Астана әкімдігі
Фото: Астана әкімдігі
Төлем қолма-қол және қолма-қол ақшасыз жүргізіледі.

Астана әкімдігі LRT-де жол жүру билетінің бағасын 200 теңге деп белгілеуді ұсынып отыр, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.

"Ашық НҚА" порталында Астана қаласының әкімдігі әзірлеген "Қаладағы жеңіл рельстік көлікпен (LRT) жолаушылар мен жүкті тасымалдау тарифі туралы" қаулы жобасы жарияланған.

Жобада жеңіл рельстік көлік желісінде бір сапарға билет құнын 200 теңге деп белгілеу ұсынылған. Төлем қолма-қол және қолма-қол ақшасыз жүргізіледі.

Сонымен қатар қаулы жобасында 2017 жылғы 20 шілдедегі №167/21-VI Астана қалалық мәслихатының шешімі бойынша, Астана қаласында тіркелген және тұрақты тұратын жекелеген санаттағы азаматтар қоғамдық көліктегі төлемнен босатылатыны айтылған.

Жоба 27 наурызға дейін қоғам талқылауында болады.