$ 469.85
 542.16
 5.78

«Әлі толық ақталмаған»: Айгүл Орынбек Ақтөбедегі іске қатысты пікір білдірді

Редактор
06.08.2026, 11:00
коллаж: bairaqmedia.kz
коллаж: bairaqmedia.kz
Оқиғаның ең өзекті тұсы – қоғамдағы әлеуметтік жауапкершілік мәселесі екенін атап өтілді

Ақтөбе облысындағы қарияның видеосына қатысты қоғамда қызу талқылау жүріп жатқан тұста қоғам белсендісі Айгүл Орынбек оқиғаға эмоциямен емес, нақты деректерге сүйеніп баға беруге шақырды, деп хабарлады Bairaqmedia.kz.

Оның айтуынша, видеоны көргеннен кейін пікір білдіруге асықпаған.

«Жалған ақпаратты тарату арқылы – қоғамның эмоциясымен қалай ойнауға болатын көрсетті бұл оқиға! Ақтөбе облысындағы қарияның видеосын көріп, жыламаған да, қарғанбаған да адам қалмаған шығар. Мен де сол видеоны көріп, ашуландым, қаным қайнады. Бірақ істің толық құжаттарын өз көзіммен зерттемей жатып, пікір білдіруге асықпадым. Себебі әдеттегідей оқырмандарым алдындағы жауапкершілік. Руслан Өтепбайдың видеосынан түйгенім – қария апелляция арқылы толық ақталмаған. Ол шартты түрде және амнистиямен ғана шыққан. Яғни, қария қылмыстық жауапкершілікке тартылған адам. Бұл оқиғада мені ең қатты қынжылтқаны – пайғамбар жасына келген әкесін инсульт алғанша мал соңында жүргізген, тепсе темір үзетін сотқалдай ұлы. Мен де сол видеоны көріп, ашуландым. Бірақ істің толық құжаттарын зерттемей жатып пікір білдіруге асықпадым», – деді ол.

Айгүл Орынбек журналист Руслан Өтепбай жариялаған мәліметтерге сүйеніп, қарияның апелляция арқылы толық ақталмағанын, тек шартты түрде босатылып, амнистияға ілінгенін айтты.

Сондай-ақ ол бұл оқиғаның ең өзекті тұсы – қоғамдағы әлеуметтік жауапкершілік мәселесі екенін атап өтті.

«Ел болып бұл қарияның қарызын да өтеп берерміз. Бірақ дәл осылай жүйенің құлы болып жүрген қаншама адам бар? Соларды да ойлайық. Ақпараттың ақ-қарасын анықтамай жатып үкім шығаруға асықпаңыздар. Осындай жалған ақпарат арқылы халықтың эмоциясымен ойнап, халықты көшеге шығаратындар да бар», – деді қоғам белсендісі.

 

 

Соңғы жаңалықтар

Барлығын қарау