“Қойшы бала” атымен елге танылған Айдос Кәден кезекті рет продюсерімен қош айтысты, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.
Әнші бұған дейін Жігер Ауыпбаевпен бірге жұмысын тоқтатып, кейін Қанағат Меченбайдың продюсерлік орталығына ауысқан еді.
Дегенмен жас өнерпаз бұл ұжыммен де ұзақ уақыт бірге еңбек етпеді.
“Құрметті қазақ елі! Қойшы баламен не болды деп сұрап жатқандарға айтарым бар. Айдос енді өз бетінше жұмыс істейді. Қолды-аяққа тұрмай кетті. Қаншама тапсырыстарымыз қалды. Енді өзі жұмыс істеп көрсін. Мен Айдосты жіберейін деп тұрмын. “Қойшы баланың” продюсері емеспін. Ең бастысы, аман болсын! Адам болсын! Менің де жеке шығармашылық жолым бар. Сондай шешім қабылдадым”, – деп мәлімдеме жасады Қанағат Меченбай.