Белгілі әзілкеш Тұрсынбек Қабатов пен оның жұбайы Мөлдір Мұқан төңірегіндегі әңгімелер әлі де жұрт назарында, деп жазады bairaqmedia.kz.
Жақында stan.kz-ке сұхбат берген Мөлдір Мұқан тағы да әлеуметтік желілерде қызу талқыланды.
Әңгіме барысында ол жеке өміріндегі шындықты жасырмай айтып, бүгінде Тұрсынбек Қабатовпен бірге тұрмайтынын жеткізді. Сонымен қатар, ол жарының оның сахнаға шығуына және әншілікпен айналысуына қарсы болғанын да сөз етті.
Сұхбат кезінде көзіне жас алған Мөлдірге қатысты желі қолданушылары әртүрлі пікір білдірді. Көпшілігі Қабатовқа деген сүйіспеншілігін жасырмай, Мөлдір Мұқанды балалары үшін алға қарай қадам жасап, өмірін жалғастыруға шақырды.
"Жамандағаным емес, бірақ шынымен ән айту сіздікі емес сияқты"," Адамның жүзімен көруге болады бақытты бақытсыз екенін. Көзінде оты сөнген әйел отыр", "Күйеуін әлі жақсы көреді" сынды пікірлер жаздық оқырман қауымы.