Шоу-бизнес жаңалықтары

«Көзінде бұрынғыдай от жоқ»: Хиджабын шешкен Кәмшат Жолдыбаева күйеуімен қарым-қатынасын жария етті

15:00, 01 шілде 2025 15

Танымал актриса, әнші Кәмшат Жолдыбаева жақында желіге хиджабсыз суреттерін жүктеп, елдің қызу талқысына түсті.

Өнер иесі өзінің күйеуімен арадағы қатынасы туралы да жария етті, деп хабарлайды Сaravan.kz. медиа порталы.

Естеріңізде болса, актриса бұған дейін орамал таққан еді. Енді ол көпшіліктің алдына тағы да хиджабсыз оралды.

Онда оның күйеуі Ғазрет Қажымұқанұлымен бірге екенін көруге болады. Көпшілік жұлдызды жұп ажырасып кеткен деп болжаған-ды. Алайда актриса күйеуімен бірге түскен суреттерді желіге жүктеп, көптің күдігін сейілтті.

Желі қолданушылары актрисаға бақыт тілеп, оның соңғы кездері тым өзгергенін жарыса жазуда.

«Әпкесі мен бауыры сияқты, үлкен көрінеді», «Бұрынғыдай көзінде оты бар Кәмшат жоқ қазір, қартайып кеткен», «Хиджабсыз әдемі екен, осылай жүрген жарасады» деп жазуда олар.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз