Қоғам

Бұрынғы еңбек вице-министрі Ақмәди Сарбасов қамауға алынды

13:21, 01 шілде 2025 13

Еңбек ресурстарын дамыту орталығы басшысы Ақмәди Сарбасов ұсталды, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.

Мұны Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі растады.

«Министрлік тергеу органдарына белгіленген тәртіп бойынша қолдау көрсетуде. Тергеу барысына қатысты барлық сұрақ уәкілетті органдардың құзыретінде», - деп мәлімдеді ведомство.

Айта кетсек, бұрынғы вице-министр Сарбасов Еңбек министрлігінде 2005 жылдан бастап қызмет атқарып келеді. Ол 2025 жылы министрлікке қарасты құрылым – «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ-ның басшысы лауазымына тағайындалған болатын.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз