Саясат

Мемлекет басшысы Канада халқын ұлттық мейрамымен құттықтады

15:53, 01 шілде 2025 110

Мемлекет басшысы Канаданың генерал-губернаторын құттықтады.Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық мейрам – Канада күніне орай Генерал-губернатор Мэри Саймонға құттықтау жеделхатын жолдады, - деп жазады bairaqmedia.kz.

Қазақстан Президенті бұл айтулы дата Канада жұртшылығының ынтымақ-бірлігін көрсететінін, сондай-ақ мемлекеттің орнықты дамуы мен халықтың әл-ауқатын арттыруға қызмет етуге берік негіз қалайтынын атап өтті.

Мемлекет басшысы Генерал-губернатордың жауапты қызметіне табыс, ал Канада халқына бақ-береке тіледі.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз