10 тамызда елде болған магнитудасы 7,4 балдық жер сілкінісінен қаза тапқандарды еске алу үшін үш күндік «ұлттық аза тұту» жарияланды, деп хабарлады Вairaqmedia.kz.
10 тамызда Колумбияда болған магнитудасы 7,4 балдық жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 294 адамға жетті.
Табиғи апаттар қаупін басқару жөніндегі ұлттық басқарма (UNGRD) елде болған магнитудасы 7,4 балдық жер сілкінісінен кейінгі жағдайға қатысты мәлімдеме жариялады.
Мәлімдемеге сәйкес, жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 294 адамға жеткен.
Жер сілкінісі 15 департаменттегі 448 елді мекенге әсер етті. Табиғи апаттан 54 008 отбасы, яғни жалпы саны 115 461 адам зардап шеккені хабарланды.
Сонымен қатар үкімет қалпына келтіру жоспарын әзірлеп жатыр. Жоспар президент Абелардо де ла Эсприелланың тапсырмаларына сәйкес дайындалады. Бұл жұмыс аясында Табиғи апаттар қаупін басқару жөніндегі ұлттық басқарма, Тұрғын үй министрлігі, кәсіпорындар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, мемлекеттік және жеке сектор ұйымдары, қаржы институттары мен ынтымақтастық ұйымдары арасында үйлестіру жұмыстары жүргізіледі.
Президент де ла Эсприелла жер сілкінісінен ең көп адам қаза тапқан Перейра қаласында жасаған мәлімдемесінде елдің түрлі өңірлерін қамтыған табиғи апат салдарынан баспанасынан айырылған отбасыларға тұрғын үйді жалға алу ақысын төлеуге көмек көрсетілетінін айтты.
Колумбияның Богота қаласында магнитудасы 7,4 балдық қуатты жер сілкінісі болды.