Қазіргі таңда психолог әрі коуч болып жүрген Айнұр Тұрсынбаева ескі киімдерін желі арқылы сатылымға шығарды, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.
Айтыскер ақын жеке парақшасында киімдерінің көп екенін айтты.
“Бір-екі рет киілген киімдерімді сатуға шығарамын. Тіпті, арасында киілмеген көйлектер де бар. Аяқ киімдер де толып жатыр. Егер 35-36 өлшемді кисеңіз, сатып алуға үлгеріңіз. Меккеден алған көйлектерімді де сатуға қойдым. Меккеге бару нәсіп етсін. Үйге киетін шапан көйлектерімді де көрсетілген парақшадан аласыз. Алтындарымды да тақпайтын болғасын сатуға шығардым. Бриллиант тастары болғасын 150-210 мың теңге арасында болады. Қыздар, сатып үлгермей жатыр”, – деп жазды ақын.
Көпшілік қолжетімді көйлектерді алып үлгермей жатқанын жазып жатыр.
“Суға түспей күтіп отырмыз”, “5 минут сайын өтіп кетіп жатыр”, “Жұмыстың бәрін ысырып, парақшада көйлек күтіп отырмыз”, “Өте керемет мүмкіндік екен. Айнұрдың байлығы жұғысты болсын”, “Көріп үлгермей жатып, сатылып кетті”, “Тағы да көйлектер салыңызшы”, “Дым үлгермедік”, – деп жазды көпшілік.