Шоу-бизнес жаңалықтары

«Оның өз ұстанымы бар»: Мирас Жүгінісов басы дауға қалған ағасына қатысты пікір білдірді

15:42, 01 тамыз 2025 147

Жастардың сүйікті әншісі Мирас Жүгінісов туған ағасы Рүстем Жүгінісовтің желіде айтқан пікірімен келіспейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.

Әнші отбасының барлық мүсешісін құрметтейтінін, алайда көзқарастары бірдей емес екенін атап өтті.

«Соңғы күндері ағамның айтқан пікірі қоғамда үлкен пікірталас тудырып, кейбір жандардың көңіліне тиіп жатыр. Ол өз ойын білдірген жеке тұлға. Мен өз жолым, өз ұстанымым бар адаммын. Мен отбасымның әр мүшесін құрметтеймін, бірақ олардың жеке көзқарастары менің ойыммен әрдайым сәйкес келе бермейді. Сол үшін де кейбір кезде мәселелер туындайды. Оларды осылай айтып отырамын деп ойламадым. Не айтқым келгенін сіздер түсініп отырсыздар деп ойлаймын», - деп жазды әнші.

Ол өзінің шығармашылығы махаббат, адамгершілік және құрмет жайлы, әндерінің көбі дәл нәзік жандыларға арналғанын айтты.

«Өйткені, әйел жанының бұл өмірде орны мен үшін ерекше. Сондықтан, бұл жағдайдан көңілі қалған барша жандан кешірім сұраймын. Сіздердің сенімдеріңіз мен үшін өте маңызды», - деп жазды ол.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз