Павлодар облысында ойын кезінде бала жарақат алды. Оның үстіне темірден жасалған футбол қақпасы құлаған. Футбол алаңын ауыл тұрғындары өздері жасағаны белгілі болды, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.
"Ойын алаңын ауыл тұрғындары өздері жасаған. Бұл алаңқай мен қақпа еш жерде баланста жоқ екені анықталды", - деді департаменттегілер.
Полицейлер аудан әкіміне оқиғаға себеп болған жайттарды жою, оның ішінде балалар қауіпсіздігінің стандарттарына сәйкес келетін футбол алаңын ұйымдастыру туралы ұйғарым жолдады.
Футбол ойнау кезінде жарақат алған кәмелетке толмаған баланың заңды өкілдері кәмелетке толмаған баланың қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік жауапқа тартылды.