Аймақ

«Жүрегі тоқтап қалды»: Анасы 5-қабаттан лақтырып жіберген бала қайтыс болды

12:52, 02 тамыз 2025 108

Павлодардағы қайғылы оқиғадан кейін ауруханаға түскен 1,5 жасар бала көз жұмды. Дәрігерлер баланың өмірі үшін барынша күресті, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.

Айта кетейік, қайғылы оқиға 30 шілдеде Павлодарда болды. Әйел 2024 және 2017 жылы туған екі баласын биіктіктен лақтырып жіберген. Зардап шеккендер ауыр халде облыстық балалар ауруханасына жеткізілді.

1 тамызда 1,5 жасар баланың қайтыс болғаны белгілі болды.

"Күндіз, 1 тамызда 2024 жылы туылған баланың жағдайы өте ауыр және тұрақсыз болып қалды. Кешке қарай нашарлау байқалды. Сағат 20:10-да жүрегі тоқтап қалды. Реанимациялық шаралар нәтиже бермеді, 20:40-та биологиялық өлім жарияланды. Өкінішке қарай, баланы құтқару мүмкін болмады", – деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасы.

Бұған дейін дәрігерлер баланың жағдайы өте ауыр деп хабарлаған болатын. Ол жасанды тыныс алу аппаратына қосылды, сонымен қатар ота жасалды.

Ал екі баласын терезеден лақтырған павлодарлық 34 жастағы әйел, көршілерінің сөзінше, былтыр жалғыз өзі терезеден секірген.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз