$ 464.02
 536.18
 5.54

«Кеше ғана ән алып келген еді...»: Тоқтар Серіков марқұм ақын Бекжан Әшірбаевты еске алды

Редактор
17.08.2026, 09:16
коллаж: bairaqmedia.kz
коллаж: bairaqmedia.kz
Әнші бұл жазбасымен марқұм ақынның өнердегі жолына құрмет білдірді

Қазақстандық әнші Тоқтар Серіков өмірден өткен ақын, сазгер әрі айтыскер Бекжан Әшірбаевты еске алып, әлеуметтік желідегі парақшасында жүрекжарды жазбасын жариялады, деп хабарлады Вairaqmedia.kz.

Әнші марқұм ақынмен ширек ғасырдан астам уақыт бұрын болған кездесуін еске алған. Оның айтуынша, Бекжан Әшірбаев кезінде «Көршінің қызы» әнін алып келіп, оны Тоқтар Серіковтің орындауын қалаған.

«Орыны толмас өкініш болып тұр. Уақыт, кеше ғана "Көршінің қызы" әнін алып келіп, осы әнді сен айтшы деп тапсырған еді. Жиырма бес жылдан артық уақыт өтіпті», — деп жазды әнші.

Тоқтар Серіков Бекжан Әшірбаевтың ақындығы мен азаматтық болмысына жоғары баға беріп, оны шынайы қазақ ақыны ретінде еске алды.

«Қайран Бекжан, замандасым-ай, бақұл бол. Ақындығыңның бір төбе, азаматтығыңның алып тау еді. Қош бол, қазақтың шыншыл ақыны», — деп жазды ол.

Әншінің бұл жазбасы марқұм ақынның өнердегі жолы мен артында қалдырған шығармашылық мұрасына деген құрметін білдіреді.