Аймақ

«Каскор-Транссервис» магистральды жолдан айырылды: сот шешімі шықты

12:35, 14 наурыз 2025 22

Сот «Каскор-Транссервис» АҚ-на магистральдық ТЖ желісін мемлекеттік меншікке беруді міндеттеді, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.
 
Бас көлік прокуратурасы жеке компанияның Маңғышлақ станциясынан Ақтау теңіз портына дейінгі магистральдық теміржол жолдарын иелену фактісін анықтады. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес магистральдық теміржол жолдары мемлекет меншігінде болуы керек.

Аталған объектілердің стратегиялық маңыздылығын және оларды мемлекет меншігіне қайтару қажеттігін ескере отырып, прокуратураның қадағалау актісі бойынша көлік министрлігі сотқа талап арызбен жүгінді. Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2025 жылдың 14 наурыздағы шешімімен талап арыз толық көлемде қанағаттандырылды, – делінген прокуратура хабарламасында.

Сондай-ақ, бұл шешім Қазақстанның көлік инфрақұрылымының тұрақты дамуын қамтамасыз етудегі маңызды қадам екенідігі және мемлекеттің теміржол желісінің негізгі объектілерін бақылауына кепілдік беретіні атап өтілді.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз