Кәрім Мәсімовтің Астанадағы үйі сатуға қойылды

Редактор
10.02.2025, 19:09
Кәрім Мәсімовтің Астанадағы үйі сатуға қойылды
Үйдің бастапқы бағасы - 1,8 млрд теңге.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің экс-төрағасы Кәрім Мәсімовтің Астанадағы зәулім сарайы аукционға қойылды, деп хабарлады Bairaqmedia.kz.

Қайтарылған активтерді басқару жөніндегі компанияның мәліметінше, аукцион 25 ақпан күні сағат 10:00-де өтеді.

"Нұра ауданы Ерейментау көшесі, 1 мекенжайында орналасқан жертөле қабаты бар тұрғын үйдің бастапқы бағасы 1,8 млрд теңге, ал кепілдік жарна 117,9 млн теңгені құрайды", - делінген мәліметте. 

Еске салайық, 2023 жылы Кәрім Мәсімов 18 жылға сотталған болатын. Ол "мемлекетке опасыздық жасағаны" (ҚК 175-бабының 1-бөлігі), "билікті күшпен басып алғаны" (ҚК 179-бабының 3-бөлігі) және "билік пен лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдаланғаны" (ҚК 362-бабының 4-бөлігі 3-тармағы) үшін кінәлі деп танылды.