$ 463.41
 546.27
 6.18

«Құлағы тас керең...»: Дана Нұржігіт Сауық Жақанованың жағдайын айтты

Редактор
08.05.2026, 16:39
Фото: әлеуметтік желіден
Фото: әлеуметтік желіден
80-нен асқан Сауық апай, Ә.Байжанбаевтың тікелей шәкірті, радио ардагері екі құлағын радиоға беріп, бүгінде түк естімейді, аппаратсыз жүре алмайды, дейді ол.

Тележүргізуші Дана Нұржігіт әлеуметтік желідегі парақшасында ардагер диктор Сауық Жақанованың жағдайы туралы жазба жариялады, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.

«Меруерт апамызға арнап жазған постымның арасында атақты диктор-Сауық Жақанованың да атын атап едім. Мына видеода Сауық апай Ақ Ордада “Парасат” орденін алып тұрып, Президенттің “суретке түсейік!” деген сөзін естімей қалғаны анық. Ол жай сасқалақтау емес! 80-нен асқан Сауық апай, Ә.Байжанбаевтың тікелей шәкірті, радио ардагері екі құлағын радиоға беріп, бүгінде түк естімейді, аппаратсыз жүре алмайды», – деп жазды ол.

Сондай-ақ тележүргізуші ардагердің шығармашылық кешінде болғанын айтып, оның сахнадағы ұстанымына тәнті болғанын жеткізді.

«Қарағандыда, туған жерінде былтыр жеке шығармашылық кеші өтті. Мен сол ортаға арнайы бардым. Қолына ұстаған микрофоны құлағындағы аппаратпен жақындап кеткен сайын, құрылғы шыңылдап кете берген соң апай аппаратты шешіп отыруға мәжбүр болды. Құлағы тас керең адамның жайы белгілі ғой, Сауық апай аңтарылған күйі, сахнаға көтеріліп өзіне тілек айтқан адамдарды бірін ернінен, бірін ишаратынан түсініп, бір жерде күліп, бір жерде дауысын көтеріңкіреп шама шарқынша сахна мәдениетін сақтап отырды. Кеш соңына дейін. Жүрегім ауырды әлгісін көріп. Апайдың мәдениеттілігіне, ұстамдылығына таңдандым. Міне мектеп, мәдениет деген!» – деді Дана Нұржігіт.

Ол сөз соңында: «Алматыдағы Совмин ауруханасына тегін қаралуға Президент қолынан алған “Парасат” орденінің қауқары да жетпепті», – деп жазды.

Соңғы жаңалықтар

Барлығын қарау