Қостанайда 2,5 млрд теңге субсидия қаражатын жымқырған 30 адам сотталды, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.
Олар ауыл шаруашылығы мен ет өңдеуге бөлінген демеуқаржыны қалталарына басқан. Айыпталушылар қатарында кәсіпкерлер, жұмысшылар, ветеринарлар, бухгалтерлер және басқарма қызметкерлері бар.
Іс бойынша салықтан жалтару, ұйымдасқан топ құру, пара алу мен беру және жалған құжат жасау деректері қаралды.
Сот шешімі бойынша олар 2 жылдан 14 жылға дейін бас бостандығынан айырылды.