$ 491.37
 570.48
 6.78

Қостанай облысында суға батып кеткен атасы мен немересінің денесі табылды

Редактор
16.06.2026, 14:20
Фото: istockphoto
Фото: istockphoto
Бұл туралы ТЖМ хабарлады.

Қостанай облысында Тобыл өзеніндегі іздестіру-құтқару жұмыстары аяқталды. Суға батып кеткен атасы мен немересінің денелері табылды, деп хабарлайды bairaqmedia.kz облыстық Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, 16 маусымда Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаментінің жедел-құтқару тобы оқиға орнынан 1,5 км төмен қарай 2020 жылы туған баланың денесін тауып, алып шықты.

Сондай-ақ құтқару тобы мен еріктілердің қатысуымен 1967 жылы туған ер адамның денесі өзен ағысымен шамамен 5 км жерден табылып, шығарылды.

Іздестіру-құтқару жұмыстарына Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері, полиция қызметкерлері, жедел жәрдем бригадасы, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, сондай-ақ еріктілер топтары мен жергілікті тұрғындар қатысты.

Соңғы жаңалықтар

Барлығын қарау