ММА шебері Шавкат Рахмоновтың экс-әйелі Гүлайым Рахмонова желідегі парақшасында сырын ақтарды, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.
"Қазір бәріңізді оқып шығып жатқан болып жатырмын қайталап… қиналып жүрген немесе қиындықтан өтіп сынбай жүрген әйел қауымы көп екенсіздер. Бірақ бастарыңыз аман болсыншы, балаларыңыз сап-сау, жақындарыңыз дін аман. Ерекше баламен күн, түн демей табан тоздырып жүрген аналар да бар.
Қазір менде таң атады, кеш батады бітпейтін ойлармен алысып адам санатында жүріп жатырмын. Туған әпкемнен, жақын таныс кісімнен айырылып… Балаларым алаңдатып, көңілімді аулап отыр. Дәл қазір Аллаға сеніңіздер, алары болса, берері де бар болғай", – деп жазды ол.
Сонымен қатар, ол Шавкат Рахмоновтың руы туралы да айтты.
"Қазақ. Ата-бабалары Арал өңірінің тумалары Кіші жүз, Әлімдер", – деді Гүлайым Рахмонова.