«Қазгидромет» РМК бүгін,17 наурызда Қазақстанның 15 облысында дауылды ескерту жариялады. Синоптиктер тұрғындарды абай болуға шақырады, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.
Жетісу облысы (Алакөл ауданы) – оңтүстік-шығыс желдің екпіні түнде 15–20 м/с, күндіз 23–28 м/с.
Атырау облысы – оңтүстік және шығыс аймақтарда шаңды дауыл, жел 15–20 м/с.
Түркістан облысы – таулы және қала аудандарында тұман, жел 15–20 м/с; Шымкентте түнде және таңертең тұман күтіледі.
Ақтөбе, Қызылорда, Қарағанды, Ұлытау, Шығыс Қазақстан, Абай, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Жамбыл, Батыс Қазақстан – тұман, кей жерлерде жолдарда көктайғақ; желдің екпіні 15–25 м/с.
Түнде және таңертең кей өңірлерде көрініс шектеулі болуы мүмкін, жол қозғалысы абай болуды талап етеді.