Қазақстандықтар енді Құрылтай депутаттарының жеке қабылдауына жазылып, өз өтініштері мен ұсыныстарын тікелей жеткізе алады. Осы мақсатта Құрылтайда қоғамдық қабылдау бөлмесі ашылды, деп хабарлады Вairaqmedia.kz.
Мұндай шешім Құрылтай төрағасы Айбек Дәдебайдың жетекшілігімен өткен бюро отырысында қабылданған.
Құрылтай төрағасының орынбасары Динара Зәкиеваның айтуынша, қоғамдық қабылдау азаматтар мен депутаттардың тікелей байланыс орнатуына мүмкіндік береді. Мұнда тұрғындардың арыз-өтініштері мен ұсыныстары жеке қаралады.
Құрылтай депутатының қабылдауына бірнеше жолмен жазылуға болады:
Депутаттармен кездесу кестесі барлық фракция және комитеттермен келісілген. Қабылдау уақыты Құрылтайдың ресми сайтында жарияланған.
Сонымен қатар депутаттармен кездесуді ұйымдастыру мен өткізу тәртібі бекітілді.
Қоғамдық қабылдаудың жұмысын депутаттар Константин Авершин, Айжан Аймағанова және Шолпан Каринова үйлестіреді.
Құрылтай өкілдерінің айтуынша, жаңа алаң азаматтардың мәселесін тікелей тыңдап, ұсыныстарын депутаттарға жеткізуді жеңілдетуге бағытталған.