$ 472.31
 543.72
 5.86

Қазақстандық семсерлесу шебері әлем чемпионатында тарихи медаль жеңіп алды

Редактор
03.04.2026, 09:10
Фото: әлеуметтік желіден
Фото: әлеуметтік желіден
Спортшы тарихи қола медальді иеленді.

Қазақстандық семсерлесуші Нұрмұхаммед Жайлыбай Бразилияда өтіп жатқан жасөспірімдер мен кадеттер арасындағы әлем чемпионатында қылыш сайысынан қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.

Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің хабарлауынша, бұл жүлде – аталған жас санатындағы жаһандық доданың  жеке сайысы бойынша Қазақстан тарихындағы алғашқы медаль.

Жарыстағы жолы:

1/64 финал. Тиам Кодэ (Сенегал) – 15:9
1/32 финал. Даниэль Беркезчи (Венгрия) – 15:6
1/16 финал. Мотоки Кавахара (Жапония) – 15:11
1/8 финал. Ярослав Борисов – 15:14
1/4 финал – Патурзо Гонсалес (АҚШ) – 15:13

Жартылай финалда отандасымыз қазіргі Еуропа чемпионы әрі FIE әлемдік рейтингінің көшбасшысы Фуркан Яманмен (Түркия) кездесті. Тартысты өткен жекпе-жекте спортшы 13:15 есебімен есе жіберіп, тарихи қола медальді иеленді.