$ 452.12
€ 508.95
₽ 5.41

2027 жылғы Рамазан айының басталатын күні белгілі болды

Редактор
19.10.2026, 14:52
Астана әкімдігі
Астана әкімдігі
ҚМДБ діни мерекелердің күнтізбесін жариялады

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы (ҚМДБ) 2027 жылғы діни күндер кестесін бекітті. Онда қасиетті Рамазан айының басталуы, Қадір түні, Ораза айт және Құрбан айт мерекелерінің күндері көрсетілген, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz ҚМДБ-ның ресми сайтына сілтеме жасап.

Діни басқарманың Шариғат және пәтуа бөлімі жариялаған күнтізбеге сәйкес, 2027 жылы қасиетті Рамазан айы 8 ақпанда басталады. Мұсылман қауымы үшін ерекше маңызға ие Қадір түні 5 наурыздан 6 наурызға қараған түнге сәйкес келеді.

Ал Ораза айт мерекесі 9 наурызда атап өтіледі.

Сонымен қатар ҚМДБ Құрбан айт мерекесінің де алдын ала күндерін белгіледі. Кестеге сәйкес, Арапа күні 15 мамырға сәйкес келеді. Ал Құрбан айттың бірінші күні 16 мамырда басталып, мереке 17 және 18 мамырда жалғасады.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы діни мерекелердің күндері халықаралық астрономиялық зерттеу орталықтарының мәліметтері негізінде есептелгенін түсіндірді.

Ведомство өкілдерінің айтуынша, хижри күнтізбесіндегі айлардың басталуы жаңа айдың көрінуіне байланысты анықталады. Сондықтан діни мерекелердің нақты күндері бір күнге алға немесе кейін жылжуы мүмкін.

Осыған байланысты ҚМДБ мұсылман қауымын діни мерекелердің нақты күндеріне қатысты ресми хабарламаларды назарда ұстауға шақырады.

Соңғы жаңалықтар

Барлығын қарау