Қазақстанда шетелден тауық жұмыртқасын импорттауға уақытша тыйым енгізілді. Шектеу екі айға созылады және Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) мүше елдерден жеткізілетін өнімдерге де қатысты, деп хабарлайды Вairaqmedia.kz.
Тиісті бұйрыққа Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров 2026 жылғы 12 қарашада қол қойған. Құжат 13 қарашадан бастап күшіне енді. Жаңа талапқа сәйкес, Қазақстанға жаңа піскен тауық жұмыртқасын автомобиль, теміржол және басқа да көлік түрлерімен әкелуге тыйым салынады.
Алайда шектеу барлық тасымалға бірдей қолданылмайды. Атап айтқанда, Қазақстан аумағы арқылы басқа мемлекеттерге транзитпен жеткізілетін жұмыртқаларға тыйым салынбайды. Сондай-ақ бұйрық күшіне енгенге дейін экспортқа рәсімделген немесе Қазақстан аумағына жеткізіліп қойған жұмыртқа партияларын тиісті құжаттары болған жағдайда елге кіргізуге рұқсат етіледі. Бұған дейін де Қазақстанда отандық құс фабрикаларын қолдау мақсатында жұмыртқа импортына уақытша шектеулер енгізілген болатын.