$ 441.77
€ 502.38
₽ 5.23

Қазақстанда тарихи оқиға: Пржевальский жылқысының алғашқы құлындары дүниеге келді

Редактор
29.09.2026, 14:41
Фото: АСБК
Фото: АСБК
Қазақстанда туған алғашқы Пржевальский жылқысының құлындарына Ботай және Тұмар есімі берілді

Қазақстан даласында дүниеге келген алғашқы Пржевальский жылқысының құлындарына Ботай және Тұмардеген есім берілді, деп хабарлайды Вairaqmedia.kz Экология және табиғи ресурстар министрлігіне сілтеме жасап.

Құлындар биыл жазда «Алтын Дала» мемлекеттік табиғи резерваты аумағындағы «Алиби» жабайы тұяқты жануарларды реинтродукциялау орталығында дүниеге келген.

Қазір Ботай мен Тұмардың туғанына бір айдан асты. Мамандардың айтуынша, олар күн өткен сайын белсенді болып, айналаны зерттеп, өз үйірлеріне ілесіп жүруге бейімделіп келеді.

Ботай – Тесса атты биенің, ал Тұмар – Умбраның құлыны. Екі бие де Қазақстанға 2024 жылы Берлиндегі Тирпарктан жеткізілген және алғаш рет төлдеген.

Құлындардың есімдеріне де ерекше мән берілген. Ботай атауы адам мен жылқы арасындағы байланыстың ежелгі тарихымен сабақтас Ботай археологиялық мәдениетін меңзейді. Ал Тұмар – қазақ мәдениетіндегі дәстүрлі қорғаныш белгісімен байланысты.

Ботай мен Тұмардың дүниеге келуі «Жабайы жылқыларды қайтару» жобасының жаңа кезеңін бастап отыр. Алғашқы Пржевальский жылқыларының Қазақстанға жеткізілуі олардың тарихи мекеніне оралуының бастауы болса, енді төлдерінің дүниеге келуі Қазақстан даласында жаңа ұрпақ қалыптаса бастағанын білдіреді.

Қазір екі құлын да мамандардың тұрақты бақылауында. Болашақта олар үйір құрамында өсіп, Қазақстандағы Пржевальский жылқыларының жаңа популяциясының бір бөлігіне айналады.

Соңғы жаңалықтар

Барлығын қарау