Елімізде жаңа бірпалаталы Құрылтайдың алғашқы сайлауы басталды, деп хабарлайды Вairaqmedia.kz.
Қазақстан заң шығарушы органын қалыптастыру жүйесіне өзгеріс енгізіп, аралас модельден қайтадан партиялық жүйеге көшті. Осыған байланысты енді бірмандаттық округтерден сайланатын кандидаттар болмайды. Құрылтайдың 145 депутаты партиялық тізім арқылы бес жыл мерзімге сайланады. Партияның мандат алуына мүмкіндік беретін ең төменгі шек – сайлаушылардың 5 пайызының дауысы.
145 депутаттық орынға жеті саяси партиядан жалпы саны 545 кандидат ұсынылды.
Бюллетеньдегі партиялардың орналасу тәртібі жеребе арқылы белгіленген:
Үміткерлер құрамында 172 әйел мен 373 ер адам бар. Сонымен қатар, кандидаттардың 19-ы – мүгедектігі бар азаматтар, ал 74-і – 35 жасқа толмаған жастар. Үміткерлердің орташа жасы 45,4 жасты құрайды.
Сайлау науқанын ұйымдастырып, өткізуге мемлекет бюджетінен, атап айтқанда үкімет резервінен 34,3 млрд теңге қарастырылған.
Елімізде таңғы сағат 7:00-ден бастап дауыс беру басталып кеттік.