Мұрат Бөрібаев Жезқазған қаласының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды Вairaqmedia.kz .
Жаңа қала басшысы 1991 жылы дүниеге келген. Еңбек жолын «Қазақмыс» корпорациясында бастап, аталған кәсіпорында түрлі басшылық қызметтер атқарған.
Жезқазған қаласының әкімі болып тағайындалғанға дейін Мұрат Бөрібаев Сәтбаев қаласын басқарды.
Мұрат Бөрібаев кім?
Мұрат Ерболатұлы Бөрібаев Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін, Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын тәмамдаған.
Металлургия, экономика және бизнес бағыттары бойынша білім алған. Сондай-ақ мемлекеттік менеджмент магистрі дәрежесіне ие.
Еңбек жолын «Қазақмыс» корпорациясында бастаған. Алғашында «Нұрқазған» байыту фабрикасында үшінші разрядты флотатор болып жұмыс істеген.
2011–2012 жылдары іс жүргізуші және бақылау цехының шебері қызметтерін атқарған. Кейін «Нұрқазған» байыту фабрикасының цех бастығы, Орлов кенішіндегі байыту фабрикасының бас инженері және Жезқазған байыту фабрикасының цех бастығы болған.
2015–2017 жылдары «Нұрқазған» байыту фабрикасын басқарған. Ал 2017–2024 жылдар аралығында №1, №2 және №3 Жезқазған байыту фабрикаларының директоры қызметін атқарған.
2024 жылы Сәтбаев қаласының әкімі болып тағайындалып, 2026 жылдың қыркүйегіне дейін осы қызметте болды.
2026 жылғы 17 қыркүйекте Мұрат Бөрібаев Жезқазған қаласының әкімі болып тағайындалды.
Айта кетейік, бұған дейін Жезқазғанды Қайрат Шайжанов басқарған. Ол төрт жылдық қызметін қорытындылап, қала тұрғындарына алғыс айтып, қызметімен қоштасқан болатын.
Айта кетейік, бұған дейін Жезқазған қаласының әкімі қызметін Қайрат Шайжанов атқарған. Ол төрт жылдық жұмысын қорытындылап, қала тұрғындарына алғыс айтып, қызметімен қоштасқан болатын.