Қарағанды қаласында үш көлік соқтығысып, жол-көлік оқиғасынан зардап шеккен 5 адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.
Оқыс оқиғаның бейнежазбалары әлеуметтік желіде жарияланды.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 5 сәуірге қараған түні Голубые пруды кентінде Cobalt, BMW және Priora маркалы автокөліктер жол апатына ұшыраған. Салдарынан бес адам зардап шегіп, медициналық мекемеге жеткізілді. Әзірге олардың жағдайы туралы нақты мәлімет жоқ.
Полиция департаменті жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтап, жылдамдықты шектен тыс асырмауды ескертеді. Жолда қырағы және мұқият болыңыз, — деді ведомствоның баспасөз хатшысы Бақытжан Құдияров.