$ 478.77
 548.62
 5.87

«Қайтадан ішетін болсаңдар, бармаңдар»: Баян Алагөзова Меккеге барып, кейін өзгермейтіндерді сынады

Редактор
01.04.2026, 10:50
Фото: әлеуметтік желіден
Фото: әлеуметтік желіден
Продюсер әріптестеріне үндеу жасап, мұндай әрекеттерден аулақ болуға шақырды.

Танымал продюсер Баян Алагөзова Меккеге барып келгеннен кейін өмір салтын өзгертпейтін кейбір әріптестерін сынға алды, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.

Өнер иесі бұл туралы Qazaq Ordasy арнасына берген сұхбатында айтты. Оның сөзінше, кейбір жұлдыздар қасиетті сапарды көпшілікке жария еткенімен, кейін ислам талаптарына сай өмір сүрмейді.

“Жария түрде Меккеге барады, жария түрде селфи жасап, бәрін көрсетеді. Бұл – мәдениетсіздік. Ал кейін бұрынғыдай қыдырып, ішімдік ішуін жалғастырады. Бұл — екіжүзділік. Мұны біреу айтуы керек”, — деді ол.

Сондай-ақ продюсер әріптестеріне үндеу жасап, мұндай әрекеттерден аулақ болуға шақырды.

“Егер Меккеге баратын болсаңыздар, Құдайды алдаудың қажеті бар ма, жоқ па – жақсылап ойланыңыздар. Кейін қайтадан ішіп, шегіп, қыдырып жүретін болсаңыздар, ондай көзбояушылықтың қажеті жоқ”, — деді Баян Алагөзова.