Аймақ

«Жүргізушінің жүрегі тоқтап қалған»: Алматыда бірнеше көлік соқтығысты

09:32, 06 ақпан 2026 66

Алматыда жаппай жол-көлік оқиғасы орын алды, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.

Алматыда Әл-Фараби даңғылында бес автокөліктің қатысуымен жол-көлік оқиғасы тіркелді. Қалалық полицияның баспасөз қызметі оқиғаға қатысты түсініктеме берді.

1975 жылы туған жүргізуші Әл-Фараби даңғылымен батыс бағытта келе жатқан кезде кенеттен денсаулығы нашарлаған. Салдарынан ол алдыңғы қатарда келе жатқан бес автокөлікке соқтығысқан. Жол апаты кезінде жүргізушінің жүрегі тоқтап, ол сол жерде қайтыс болды. Қазіргі уақытта оқиғаның толық мән-жайы мен себептері анықталуда, - деп хабарлады Алматы қаласының ПД баспасөз қызметі. 

Алматы қаласының денсаулық сақтау басқармасы қалған жүргізушілерге медициналық көмек көрсетілгенін, бірақ ауруханаға жату қажеттілігі болмағанын хабарлады.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз