Аймақ

Жүк көлігінің тіркемесі ажыраған: Алматы облысында ірі жол апатынан төрт адам қаза тапты

12:25, 29 мамыр 2025 25

Алмиаты облысында ірі жол апаты болып, 4 адам қаза тапты деп хабарлайды bairaqmedia.kz

2025 жылғы 28 мамыр күні сағат шамамен 18:00-де Алматы – Бішкек автожолының 44-шақырымында орын алған жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Алдын ала мәлімет бойынша, Түркістан облысының 39 жастағы тұрғыны басқарған КамАЗ маркалы жүк көлігінің тіркемесі ажырап кеткен. Басқарудан шыққан тіркеме қарсы жолаққа өтіп, Geely маркалы жеңіл көлікпен соқтығысқан, ал Geely көлігі инерциямен KIA Sportage көлігіне соғылған.

Апат салдарынан оқиға орнында төрт адам қаза тапты, оның ішінде Geely көлігінің жүргізушісі де бар.

Қазіргі уақытта жан-жақты тергеу амалдары жүргізілуде. Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталуда.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз