Моңғолия астанасы Ұланбатыр қаласында өтіп жатқан World Boxing аясындағы 2026 жылғы Азия чемпионатында ел құрамасынан 5 сәуірде алғашқы болып Әйгерім Сәттібаева (48 келі) шықты.
Отандасымыз ширек финалда өзбекстандық Әлем чемпионатының 2 мәрте қола жүлдегері Сабина Бобокуловамен қолғап түйістірді.
Алғашқы екі раундта қарсыластар бір-біріне көбірек соққы жұмсап, ұпай қорын молайтуға тырысты. Нәтижесінде төрешілер олар тең деңгейде жекпе-жек өткізді деп бағалады.
Шешуші раундта да Әйгерім қарықнын бәсеңдеткен жоқ. Осылайша ол қарсыласынан басым түсіп, жартылай финалға жолдама алды.
Әйгерім Сәттібаева – бірнеше дүркін Қазақстан чемпионы және 2010 жылғы Азия біріншілігінің қола жүлдегері. Ол ұзақ үзілістен соң 2023 жылы боксқа оралған еді.
Сондай-ақ бүгін күндізгі сессияда 8-жұпта Ұлжан Сәрсенбек (57 келі) таиландтық Пунрауе Руенроспен шеберлік байқасты.