Аймақ

Жастар - ертеңгі елдің тұтқасы: түркістандық ардагерлер ұрпақ тәрбиесіне алаңдаулы

17:34, 17 маусым 2025 130

Түркістан қаласында жас ұрпақ тәрбиесіне арналған маңызды әрі тағылымы мол кездесу өтті, деп хабарлайды bairaqmedia.kz

«Ұрпақ тәрбиесіндегі – бетбұрыс» тақырыбымен ұйымдастырылған келелі басқосу — қазіргі қоғамдағы тәрбие бағыттарын жаңаша пайымдап, рухани жаңғырумен ұштастыруды көздеді.

Іс-шараны Түркістан қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жарқынбек Құлбайымбетов жүргізіп, жиынның негізгі мақсаты мен маңызын атап өтті.

Шараға облыстық және қалалық деңгейдегі қоғам қайраткерлері, ардагерлер мен білім саласының өкілдері қатысты. Атап айтқанда, облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Бақытжан Раманқұлов, Түркістан қаласы әкімінің орынбасары  Мекенхан Қозыханұлы, облыстық әжелер алқасының төрайымы Балымжан Байтенова, қалалық әжелер алқасының төрайымы Айғаным Серім, сондай-ақ Түркістан қалалық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Бектас Шірікбаев және арнайы шақырылған білім саласының мамандары мен ардагерлер қауымы бас қосты.

Жиын барысында жас ұрпақтың рухани-адамгершілік дамуы, ұлттық құндылықтарды насихаттау, тәрбиенің қоғамдағы рөлі жайында тұшымды пікірлер айтылып, нақты ұсыныстар ортаға салынды.

Кездесу барысында жастар тәрбиесіне тың серпін беру, ардагерлер мен жастардың байланысын күшейту, мектептер мен қоғамдық ұйымдардың бірлесіп жұмыс істеуі, тәрбиелік қойылымдар өткізу және үлгі болатын кездесулер ұйымдастыру сияқты ұсыныстар айтылды.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз